Басты бет Жаңалықтар ДДСҰ ұйымын алғаш рет Африканың өкілі басқарады

ДДСҰ ұйымын алғаш рет Африканың өкілі басқарады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры болып эфиопиялық Тедрос Адханом сайланды.

Женевада өткен дауыс беру кезінде бұл орынға тағы 2 үміткер болған еді. Олар Пәкістан және Ұлыбритания өкілдері. Негізі Тедрос 2005-2012 жылдар аралығында Эфиопияның денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Енді ол халықаралық қауымдастықтағы өз міндетін атқаруға 1 шілдеде кіріседі.

Осылайша, экс-министр бұл лауазымға тағайындалған алғашқы Африка өкілі болып отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры — қытай Маргарет Чанның өкілеттік мерзімі 30-маусымда аяқталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version