ДДСҰ ұйымын алғаш рет Африканың өкілі басқарады

Женевада өткен дауыс беру кезінде бұл орынға тағы 2 үміткер болған еді. Олар Пәкістан және Ұлыбритания өкілдері. Негізі Тедрос 2005-2012 жылдар аралығында Эфиопияның денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. Енді ол халықаралық қауымдастықтағы өз міндетін атқаруға 1 шілдеде кіріседі.

Осылайша, экс-министр бұл лауазымға тағайындалған алғашқы Африка өкілі болып отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қазіргі бас директоры — қытай Маргарет Чанның өкілеттік мерзімі 30-маусымда аяқталады.

Дереккөз24.kz