Сағадат Нұрмағамбетов табандылық, ерлік және Отанға қалтқысыз адалдықтың үлгісі

Сағадат Нұрмағамбетов өзін тұтастай Отанға қызмет етуге арнаған адам. ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының жетекшілік етуімен ол заманауи Қарулы Күштердің іргетасын қалады.

Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының батыры, тұңғыш Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов ел үшін күрмеуі қиын-қыстау кезеңде әскерді басқара отырып, оның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның жоғары беделі әскери әлеуетті сақтап қалуға және жеке құрам арасында әскери тәртіпті нығайтуға септігін тигізді.

Бұл уақытта ҚР ҚК негізін бұрынғы Орта-Азиялық әскери округтің құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ республикамыздың аумағында шоғырланған гарнизондар құрады. Сол кезеңде кадрлардың күрт азаюы басталғаны ҚР ҚК ардагерлерінің әлі есінде. Біршама офицерлер мен прапорщиктер өздерінің тарихи мекендеріне кете барды. Қазақстандық сардарлар үйлеріне оралды, бірақ, олар саусақпен санарлықтай болды. Жеке меншік кадрлардың жіті қажеттілігі туындады.

90-шы жылдардың басында тоқырау заманда ҚР ҚК бастапқы құрылу  кезеңінде қолда бар кадрды, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтап қалып, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер түрлері басқару органдарының құрылымын құру анағұрлым маңызды міндет болды. Жүргізілген реформа нәтижесінде Қарулы Күштердің құрылымы мен саны оңтайландырылды. Олардың құрамы, орналасуы мен тағайындалуы егемен Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалар негізге ала отырып нақтыланды. Қолданыстағы әскери оқу орындары базасында офицерлік кадрларды  дайындау ұйымдастырылды.

Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов Кеңес Одағының батыры, Ұлы Отан соғысының ардагері бола тұрып, соңғы демі қалғанша бұрынғы Кеңестің өзге де республикаларында мекен еткен майдангерлермен тығыз, достастық қарым-қатынаста  болды. Көптеген алыс шетелдегі ардагерлер мен генералдардың ол туралы ой-пікірлері өте жақсы. Дәл осы адам ардагерлер қозғалысының негізін, іргесін қалады.

Сағадат Нұрмағамбетов заманауи қазақстандық армияның шынайы мақтанышы әрі негізін қалаушысы. Бүгінде ҚР Қарулы Күштерінің  бірнеше ұрпақ офицерлері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері үшін Сағадат Нұрмағамбетов тірі аңыз, табандылық, ерлік және Отанға қалтқысыз адалдықтың үлгісі іспетті.