Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған топ ұсталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Ішкі істер министрлігі кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың қызметін тоқтату және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

27 наурыз күні Алматыда жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды. Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталды. 17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сонымен бірге әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған, — дейді тәртіп сақшылары.

Ведомство мәліметінше, құқыққа қайшы әрекеттердің дер кезінде жолын кесу ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.