Алматыда судағы итті құтқарып қалған адамдарға орнатылған арт-нысан ашылды.
Арт-нысан Алматыдағы Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасына орнатылған. Мүсін итті құтқару сәтіне негізделіп жасалған.
10 жыл бұрын арт-нысан орнатылған жерде бір топ адам судан шыға алмай тұрған итті құтқарып қалған.
Кейін сол оқиғаның видеосы көп тарап, Алматы тұрғындарының ерлігі әлем медиаларының да назарын аударған.
Енді 10 жыл өткенде итті құтқарып қалған адамдарға арт-нысан орнатылып отыр.
