Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Астанада Наурыз мейрамына орай дрон-шоу өтеді

Фото: gov.kz
Бүгін, 21 наурыз күні Астанада Наурыз мейрамына орай ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Қазақ Елі» алаңында қала аспаны ерекше жарық сахнасына айналады. Тұрғындар мен қала қонақтарына ұлттық нақыштағы анимациялық композициялар ұсынылады.

Әуе кеңістігінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін символдар мен көріністер көркем түрде өріледі. Дрондар арқылы жасалған бұл көріністер заманауи технология мен ұлттық мазмұнның үйлесімін көрсетеді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында елордада 200-ден астам іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында мерекелік концерттер, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен түрлі шеберлік сабақтары бар.

Exit mobile version