Испаниялық PAL Robotics компаниясымен әзірленген REEM есімді робот ең алғаш рет 2011 жылы таныстырылған болатын. Салмағы шамамен 100 келі, бойы 1,7 метрге жақын гуманоидтың екі қолы және аяқтың орнына екі дөңгелегі бар, кеудесінде сенсор орнатылған. Тоғыз тілде сөйлейтін робот адамның түр-түсін 80 пайыз дәлдікпен ажырата алады.

«Ең алдымен мұндай роботтар елдің туристік орындарында, қаладағы ірі сауда орталықтарында қызметке шығады», — деген Дубай полициясындағы смарт-қызмет департаментінің директоры әрі робот-полицей жобасының жетекшісі Халид Насер Әл-Разуки болашақта мұндай құрылғылар жергілікті полиция қызметі үшін регистратордың рөлін атқаратынын айтты.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!