Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Астанада Freedom Inside ’26 халықаралық форумы өтеді

Фото: Freedom
2026 жылғы 9 сәуірде Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Freedom Inside ’26 халықаралық форумы өтеді. Іс-шараны Freedom Holding Corp. ұйымдастырады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Форумда екі сахнада бір уақытта бизнес визионерлері, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, инвесторлар, кәсіпкерлер, креативті индустрия өкілдері мен технологиялық жаңашылдар сөз сөйлейді. Іс-шараны компанияның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Тимур Турлов ашады.

Бағдарламада 30-дан астам спикердің қатысуы жоспарланған. Олардың қатарында Димаш Құдайберген, NVIDIA компаниясының өңірлік директоры Антон Жораев және Astana Hub негізін қалаушы Мағжан Мәдиев бар.

Панельдік пікірталастар медиа дамуы, цифрлық медицина және ойын-сауық индустриясы тақырыптарын қамтиды. Сонымен қатар форумда интерактивті аймақтар мен технологиялық демонстрациялар ұйымдастырылады.

Іс-шара барысында Freedom цифрлық экожүйесінің мүмкіндіктері таныстырылып, пайдаланушыларға Freedom SuperApp арқылы ұсынылатын сервистер көрсетіледі.

Форум туралы толық ақпарат пен билеттер freedominside.kz ресми сайтында қолжетімді.