Енді садақаны терминалмен төлеуге болады

Мешітке келушілер өздерінің қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және басқаларын) электронды терминал арқылы бере алады. Бұл жаңалықтың басты мақсаты – түсетін қаржылардың ашықтығын қамтамасыз ету.

“Бүгінгі күні Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие болуда, міне, енді Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады”, – деді әкім Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетовтың айтуынша, бұл технология пилотты режимде қолданылады.

Сондай-ақ, мешітке келген кез-келген жан қайырымдылық төлемдерін ашық урналарға сала алады. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жаряиланады.

Айт кетейік, 2015 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық төлемдер жасауға арналған сегіз терминал сатып алып қойған. Олардың үшеуі Астана мешіттерінде орналастырылған. Ал 2016 жылы бұл терминалдардың көпшілігі қызмет қымбатшылығы мен халыққа түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен істемей тұрғандарын мәлімдеген.

ДереккөзАlmaty.gov.kz