ҚР Білім және ғылым министрлігінің агенттік жолдаған сауалына берген жауабында қазақ тілінде білім алған мектеп бітірушілер саны 90 800 болса, орыс тілділер — 39 300, басқа тілде — 6100 адам білім алады.
Түлектер саны ең көп аймаққа Оңтүстік Қазақстан облысы (34 200), Алматы облысы (14 700) және Алматы қаласы (10 мыңнан астам) кіреді. Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы білім басқармаларының ақпаратына сүйенсек, биыл республикалық мектептерде «Алтын белгі» белгісінен 6280 бітіруші үмітті. Олардың ішінде қазақ тілінде білім алатындар саны — 4900, орыс тілді — 1290, басқа да тілді — 110.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы 95 340 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге тілек білдірген. Жаңа үлгідегі ҰБТ 20 маусымда басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Соңғы қоңырау барлық мектептерде 25 мамыр күні өтеді. Аттестатты тапсыру рәсімі мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10-12 маусым аралығында өтеді.
Министрлік оқуды бітіру шараларын 2017 жылдың 15 маусымына дейін мектеп қабырғасында өткізуді ұсынып отыр.