Басты бетЖаңалықтарЕліміздегі бір...

Еліміздегі бір банк жабылды

Бұл шешімді ҚР Ұлттық Банкі аталған банк «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер  бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді  үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы тиіс міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту  қажеттілігі шеңберінде қабылдады.

Лицензия  жаңа  депозиттерді тартуға,  сондай-ақ  жеке  және  заңды  тұлғалардың жаңа  банк  шоттарын ашуға  қатысты тоқтатыла тұрады және  банктің қолданыстағы депозиттері  мен  клиенттеріне қызмет көрсетуіне қатысы  жоқ.

2017 жылғы 1 мамырдағы  жағдай  бойынша  «Delta Bank» АҚ  жеке  тұлғаларының  қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 млрд. теңгені, заңды  тұлғалардың депозиттері 115,7 млрд. теңгені құрайды.  Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк  жүйесі депозиттерінің  жиынтық көлемінің 0,7%-ын құрайды.

ДереккөзNaryk.kz