Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар футбол командалары арасындағы жолдастық матч кезінде жанжал туындап, соңы төбелеске ұласты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қалалық ПД мәліметінше, оқиға салдарынан бір қатысушы дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
«Ордабасы» командасының капитаны жанжалдың бастамашысы болып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Бұзақылық белгілері бойынша барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды, — делінген хабарламада.

