Мәншүк Мәметованың ескерткіші астынан хат табылды (Видео)

Кеше Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіші орнынан алынды. Ескерткіші Оралдағы алаңда 30 жыл тұрған. Оның орнына құны 138,5 миллион теңге болатын жаңа ескерткіш орнатылады. Жаңа компазияциялық мүсіннің атауы «Қазақтың батыр қыздары». Авторы  — Нұрлан Далбай.

Жұмысшылар ескерткіш орналасқан жердегі гранит плиталарды жинау жұмыстарын жүргізген кезде ескерткіштің астынан бөтелке тауып алған. Оның ішінде хат болған екен. Хатта Мәншүктің ескерткішін орнатушылардың есімдері жазылған.

БҚО тарихи-мәдени мұра инспекциясының директоры Талғат Жүсіпқалиевтің айтуынша, ескерткішті зерттеу жөніндегі комиссия оның бүлінгенін және техникалық дефектілері бар екенін анықтаған. Содан кейін ескерткішті реставрациялау туралы шешім шыққан. Басылымның мәліметінше, Мәншүктің бұл ескерткіші БҚО-дағы Бөкей ордасы немесе Жәнібек ауданына жөнелтіледі.

 

ДереккөзBaq.kz