Бүгін, 6 наурызда Италияның Милан және Кортина қалаларында қысқы паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Дүбірлі дода 6–16 наурыз аралығында жалғасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 600-ден астам спортшы 79 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы паралимпиадаға жеті спортшыны жіберді. Олар медаль үшін екі спорт түрінде — парабиатлон мен парашаңғы жарыстарында бақ сынайды. Жарыстар Солтүстік Италиядағы арнайы спорт нысандарында өтеді.
Еліміздің намысын қорғайтын спортшылар:
-
Ербол Хамитов
-
Александр Герлиц
-
Сергей Усольцев
-
Юрий Березин
-
Владислав Кобаль
-
Нұрлан Әлімов
-
Анна Грачева
Жарыс бағдарламасы
Қазақстанның спортшылары келесі күндері сынға түседі:
-
7 наурыз — парабиатлон, спринт жарысы
-
8–10 наурыз — әртүрлі қашықтықтағы шаңғы жарыстары
-
11–13 наурыз — парабиатлон жарыстары
-
14–15 наурыз — шаңғы жарыстарындағы финалдық кезеңдер
Соңғы жарыстар 15 наурызда өтеді. Ал 16 наурыз күні паралимпиада ойындарының ресми жабылу салтанаты ұйымдастырылады.
Тікелей эфир
Қазақстанның көрермендері ашылу салтанатын Астана уақыты бойынша 23:50-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.
