Басты бетЖаңалықтарЗейнетақы қорына...

Зейнетақы қорына мемлекет кепілдік береді

Статистика бойынша, соңғы 4 айда зейнетақы қорына 92 млрд теңге табыс түскен. Жалпы халықтың зейнетақы жинағы қазір 6,93 трлн теңгені құрайды. «Жұрттың алаңдауына себеп жоқ», – дейді қор басшылығы. Өйткені зейнетақы қорындағы қаржының 65%-ы ең сенімді қаржы институттарының бақылауында. Ал Ұлттық банктің шешімімен банктерге несие ретінде берілген 25% қаржының үлесі алдағы жылдары азаймақ.

Сәуле Егеубаева, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрайымының орынбасары:

— Үкімет халықтың зейнетақы қорындағы қаражатына кепілдік береді. Тіпті табыс мөлшері инфляция деңгейінен төмен болған жағдайда, үкімет тарапынан өтемақы төленеді. Халықтың қордағы қаржысы толықтай сақтандырылған.

ДереккөзKhabar.kz