Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Дубай әуежайына шабуыл жасалды: 4 адам жараланды

Фото: Excel Properties
1 наурыз күні таңертең әлеуметтік желілерде Дубай әуежайы аумағындағы оқыс оқиғаға қатысты видеолар тарады. Кадрларда терминал ішінде қатты жарылыс дыбысы естіліп, ғимаратты түтін басқаны көрінеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Куәгерлердің айтуынша, кезекте тұрған жүздеген жолаушы жүктерін тастап, сыртқа қарай жүгірген. Видеоларда әуежай ғимаратының зақымданғаны, еденде қирандылар шашылып жатқаны байқалады. Қызметкерлер адамдарды шұғыл түрде эвакуациялаған.

Оқиғаны Dubai Airports компаниясы растады. Ресми мәлімет бойынша, жексенбі күні таңертең болған жарылыстан төрт адам жараланған. Оларға тез арада медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар билік оқиға орнына шұғыл әрекет ету тобын жібергенін, олар тиісті органдармен бірлесіп жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді.

Exit mobile version