Басты бетЖаңалықтарЗейнетақы жинағын...

Зейнетақы жинағын қандай жағдайда шешіп алуға болады?

«Мұндай тәжірибеге талдау жасап жатырмыз. Өзге елдердің тәжірибелері ескеріліп жатыр. Бола қалған жағдайда да ақша адамдардың өзіне емес, медициналық мекемелердің шотына, банктерге төленуі мүмкін», – деді басқарма төрайымы Сәуле Егеубаева.

Төрайымның айтуы бойынша, ақша болашақта зейнетақы алуға мүмкіндік беретін сомадан артық болған жағдайда ғана берілуі тиіс.

«Ер адамдар үшін бұл сома – 8 млн теңге, әйел адамдар үшін 9 млн. теңге», – деді Сәуле Егеубаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін зейнетақы жинағын оқу, баспана алу мақсатында алдын ала алу туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланған болатын. Ал банкирлер мен депутаттар аталған жүйені терең зерттеп барып кірісу керектігін айтқан еді.

ДереккөзNaryk.kz