Қазақстандық журналист Қайрат Нұртастан көңілі қалғанын айтты

Мұны біз Қайраттың ғаламторды шарлап жүрген түрлі отырыстардағы «қызықтары» жазылған видеоларға қатысты айтып отырғанымыз жоқ, деп жазады «Қамшы» порталы.

Желтоқсан айында Астана мен Алматыда дүркіретіп концерт өткізген әнші Ресейге арнайы барып, Тимати мен Ньюша деген екі әншіні алдыртты. Рас, қазақ жастарының арасында бұларды тыңдайтындар, тіпті, өнеріне табынатындар жетіп артылады.

«Бірақ, елімізде католик дінін ұстанатындар бар екен деп күнде Рим папасын қонақ ете алмайтынымыз сияқты, ұлттық танымымызға жат осы біреулерді шақырмаса да Қайраттың концерті өтпей қалмас еді ғой», — дейді журналист Айгүл Сапарханқызы.

Онымен қоймай, ақпарат құралдары «Қайрат концертіне келген ресейлік әншілерге 89 миллион теңге ақша төлепті» дегенді жарыса жазды. Бұл да әншіге деген соңғы үміті сөнбеген тыңдарманның көңіліне қаяу түсіргені анық.

Ал, «…Я вообще не местный.

Да, и без прописки.

Ну, а че красаучик, меня любят киски,

101 роза, пополняя списки, о какая ж..а,

Какие с..ки, слышь дай-ка номерок быстро…», — деген сияқты дөрекі мәтіндерді ән етіп айтып жүрген Тиматидей әншілер кейбір шала сауат қазақтарға болмаса, былайғы жұртқа еш қызық емес. Мұны бір білсе, Қайрат білуі тиіс еді. Алайда, олай болмады.

«Мен бірінші болып Тиматиды алдырттым, Ньюша менің концертіме арнайы келді» деген мақтан қымбат болған сыңайлы бәрінен.

Хош. Болған іс болды. Тимати кетті. Іс бітті. Тыңдармандарымен байланыс ұстайтын, олардың арасындағы пікір ауанын зерделейтін әнші болса,  бұдан кейінгі жерде аяғын аңдып басар еді ғой. Олай да болмады.

Қайрат тағы да даңғазалыққа, дарақылыққа салды. Басқа айналысар түгі жоқтай, қаңтардың аязында Қостанайға барып, христиан жамағатымен бірге «Шоқыну мейрамында» суға түсті. Оны тағы да «Мені көрдіңдер ме?» дегендей ғаламторға жариялады.

Журналистің пайымынша, қанша жерден Ресей әншілеріне ақша төлеп, бірер ауыз ән айттырсын, қанша жерден солардың мейрамын тойласын, тіпті, шоқынып кетсе де орыстар Қайратты керек те қылмайды.

Шоқынып кетсе де орыстар Қайратты керек те қылмайды

Шымкентше айтқанда, қанша жерден «жыртылса да», олар үшін көп «Чурканың» бірі боп қала береді. Қайратқа дейін де талай әнші Ресей жаққа қарап ыңылдаған. Қаншасы Мәскеу, Петербор барып, сіңісе алмай қайтып келген. Ендігілер де сөйтеді.

«Қалай болғанда да өз баламыздың бұлай адасуы жөн емес. Сезімнің нәзік қылын шертетін ойлы әндермен көптің жүрегін жаулаған ерекше дарын иесінің көз алдымызда бұлай жексұрын кейіпке еніп бара жатқаны жанымызға батады», — дейді журналист.

Дереккөзqamshy.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығына барды

Президент ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Президент интернеттегі авторлық құқықты сақтау туралы заңды ратификациялады

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД шеңберінде интернеттегі авторлық құқықты қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Таиландта теңізге түскен қазақстандық жансақтау бөлімінде жатыр

Таиландта теңізге түскен қазақстандық көп су жұтып қойған, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бауырын бағып өскендер. «Кішкентай ата-ана» болғанның кесірі көп пе?

Практик-психолог Әсем Лесбай "кішкентай ата-ана" синдромын түсіндіріп, екінші ата-ана болып өскен балалардың проблемасын талдап берді.

Алматыдан 443 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 09:21-де жер сілкінісін тіркеді.