«Иә, Алла көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә, Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң — қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң — ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Аллаға шүкір! Алланың жақсылығы ғой. Бүгін әке болдым! Дүниеге қызым келді! Өзім АҚШ-та болсам да сүйінші, Қазақ елі!», — деп жазды Жаңқош Тұраров.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров 26 мамырда АҚШ-тың Флорида қаласында кезекті жекпе-жегін өткізу үшін дайындалып жатыр. Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі боксшының қарсыласы — мексикалық Густаво Гарибай.
Дәл осы күні бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам да (WBO NABA және WBA Intercontinental) мексикалық Норберто Гонсалеспен жекпе-жекке шығады.