Не болды?
2026 жылдан бастап атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады. Бұл туралы Bаribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Шетелде кадр даярлау жайлы республикалық комиссияның кезекті отырысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша атом энергетикасы мамандарын оқыту туралы шешім қабылданды. Бұл салаға жыл сайын 20 квота бөлінеді.
2026 жылдан бастап атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы арқылы:
- магистратура,
- докторантура,
- тағылымдама бағытында білім алады.
Сонымен қатар «Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар» деген жаңа санат бекітілді. Бұл санаттағы мамандар бағдарлама аясында кәсіби тағылымдамадан өте алады.
Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысын тағайындау талабына қандай өзгеріс енді?
Биыл шетелдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың талабына сай, «Болашақ» шәкіртақының үміткерлері міндетті түрде беделді халықаралық рейтиңнің үздік жүздігіне енуі керек.
Байқау қорытындысы бойынша, еліміздің 225 азаматына халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы тағайындалды. Орта есеппен бір орынға төрт қатысушы үміткер болды. Магистратурада 152, докторантурада 16 студент оқиды. Ал 57 маман шетелдегі университеттер мен ғылыми орталықтарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, елімізде салынатын АЭС мамандары Ресейдің университетінен білім алады.

