Басты бет Жаңалықтар Терроризммен күрес контингенті құрылды

Терроризммен күрес контингенті құрылды

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта араб және мұсылман елдерінің саммиті өтті. Саммит кезінде Ирак пен Сириядағы террористермен күресті қолдаудың әскери контингенті құрылды.

Көрнекі сурет

Эр-Риядтағы саммитке 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты. Саммит мүшелері Ирак пен Сириядағы террористерге қарсы операцияларды қолдау контингентін құруды қолдады.

Контингент 34 мың адамнан құралады деп жоспарланған. Орталықтың штаб-пәтері Эр-Риядта орналаспақ.

Саммитте қабылданған «Эр-Рияд декларациясында» Экстремистік идеологиямен күрестің дүниежүзілік орталығы құрылғаны да айтылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version