Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Софья Самоделкина олимпиадада 10-орынға тұрақтады

Фото: Сәли Сабыров
2026 жылғы қысқы олимпиада аясында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыс қорытындыланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина өз мансабындағы ең жоғары ұпай алып, 10-орынға тұрақтады.

Мұз айдынына 13-болып шыққан Софья Самоделкина еркін бағдарламасын мінсіз орындап, 138.99 ұпай алды. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша отандасымыз 207.46 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Бұған дейінгі ең үздік нәтижесін 2021 жылы (205.67 ұпай) тіркеген еді.

Жүлдегерлер:

  1. Алиса Лю (АҚШ) — 226.79 ұпай (жеке рекорды)
  2. Каори Сакамото (Жапония) — 224.90 ұпай
  3. Ами Накаи (Жапония) — 219.16 ұпай

Еске салайық, Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Михаил Шайдоров қысқы олимпиадан алтын медаль жеңіп алған еді. Ол бұл жеңісі үшін 250 мың доллар алады.

Exit mobile version