ТМД елдері мен оның ішінде Қазақстанға Ресейдегі қиындықтар әсер етеді дейді сарапшылар. Бұған көрші мемлекеттегі еңбек өнімділігінің азайып, рубльдің құлдырауы себеп. Америка мен Еуроодақтың санкциясы, мұнайға бағаның түсуі жағдайды одан әрі ушықтыруы ықтимал. Десе де, Біріккен Ұлттар ұйымы Еуразиялық экономикалық одақ туралы жақсы пікірде. Баяндамада бұл сауда-саттықты көбейтіп, инвестиция тартудың таптырмас жолы делінген.