Шараға аймақ басшысы Мəлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
«Көркемөнерпаздар байқауының жыл өткен сайын беделі артып, қатысушылар саны көбейіп келеді. Жылсайын дəстүрлі түрде өткізілетін бұл ауқымды шара бүгінгі күні өнердің ең биік шыңына жеткендей əсерге бөледі», дей келе, аймақ басшысы байқауға қатысушыларды марапаттады.
Олардың арасында үздік өнері мен шығармашылық жетістіктері үшін бас жүлденің иегерлері атанған Көкшетау қаласы, Бұланды, Целиноград аудандарының əкімдері мен мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімдеріне «Лада», «Нива» автокөліктерінің кілттері табыс етілді.
Сонымен қатар, байқауда үздік шығармашылық жетістіктері үшін Аршалы, Астрахан,
Зеренді, Жақсы аудандары компьютер, Бурабай, Ерейментау, Ақкөл аудандары сахналық жарық беру жиынтығымен жəне
дипломдармен марапатталды.