Басты бетЖаңалықтарСпортшылар 2016...

Спортшылар 2016 жылғы Олимпиада медальдарын қайтарып жатыр

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ұйымдастырушыларына 100-ге жуық медаль қайтарылған. Себебі медальдарды тот басып, дақ түсе бастаған. Рио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Марио Андрада агенттікке ойыншылар тарапынан қайтарылған медальдардың арасында 2016 жылғы Паралимпиада ойындарының жүлделері бар екенін айтқан.

Қазір қайта жасатуға кем дегенде 130 медаль келіп түскен. Нақты қандай спортшылардың медальдарды өткізгені белгісіз.

Бүлінген медальдардың алғашқы легі былтырғы жылдың қазан айында кері тапсырылған. Ал ұйымдастырушылар болса спортшылардың медальдарды дұрыс сақтамағандарын жеткізуде.

М.Андрада мұндай жағдайлардың кездесетінін айтып, бүлінген медальдардың барлығы жөнделіп, қайтадан спортшылардың қолына тиетініне уәде берді.

 

Дереккөзbaq.kz