Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында «ForteBankтің» жаңа кеңсесі ашылды

Ақмола облысында «ForteBankтің» жаңа кеңсесі ашылды

Ақмола облысында «ForteBank» акционерлік қоғамының жаңа кеңсесі ашылды. Қазіргі заманға сай жабдықталған жаңа кеңседе заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетілмек.

Кеңсенің ашылу салтанаттына қатысқан Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин банк ұжымын осынау қуаныштарымен құттықтады.

Осы күні облыста аталмыш банктің 30 мыңға жуық клиенті бар болса, оның 1 мыңы заңды тұлғалар. Мамандар жаңа кеңсенің ашылуы банк қызметінің сапасын жақсарта түседі деп отыр.

ForteBank

«Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» акционерлік қоғамының алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға банк тарапынан оң қадамдар болады деп сенемін. Әсіресе, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиетіні сөзсіз», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Шара барысында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин және «ForteBank» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде аталмыш банк облыста 8 жобаға 1 миллиард 350 миллион теңге инвестиция салып отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version