Басты бетАлматы облысында...

Алматы облысында лай көшкіні жүрді

Департаменттің мәліметінше, 19 мамырға қараған түні Алматы облысы Талғар ауданындағы Талғар бөгетінен 500 метр қашықтықта «Түйе» тауынан көшкін жүрген. Ол Талғар автожолы мен «Спутник» демалыс орнын басып қалып, электр желісі мен телефон байланысының екі бағанасын құлатты.

Түнгі сағат 01:00-де автокөліктерді қауіпті аймаққа кіргізбеу туралы полицияға нұсқау берілді.

«Алматы облысында көшкін қаупі сақталады. Көшкін массасының жалпы көлемі 50 мың метр кубты құрады. Оқиға орнында Талғар ауданындағы төтенше жағдайлар туралы ескерту және салдарын жою комиссиясы мен ҚР ІІМ ТЖК Талғар бөлімі мамандары жұмыс істеп жатыр», – деп атап өтті төтенше жағдайлар департаментінде.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

ДереккөзEgemen.kz