«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
2026 жылғы 5 ақпан сағат 08:30-дағы мәлімет бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді.
Барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелген жолдар:
Қостанай облысы
-
«Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолы, 8–108 шақырым (Тобыл қаласы – Әулиекөл ауылы).
Маңғыстау облысы
-
«Таушық – Шетпе» автожолы, 0–70 шақырым;
-
«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолы, 338–638 шақырым (Бейнеу – Шетпе);
-
«Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» автожолы, 0–85 шақырым.
Жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген жолдар:
Ақтөбе облысы
-
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776–1240 шақырым (ECO oil жанармай бекеті – Қызылорда облысының шекарасы).
Қызылорда облысы
-
Осы автожолдың 1240–1362 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).
Сонымен қатар «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі, Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол уақытша жабылды.
Ал Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) қыс мезгілі аяқталғанға дейін сақталады.
