Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Депутат адамды қорлайтын трениңдерді тоқтатуды талап етті

Фото: depositphotos.com
Мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбек үкіметтен азаматтарды психологиялық тұрғыда қорлайтын трениңдерге қатысты шаралар қабылдауды сұрады.

Депутат трениңдердің көбінде қатысушыларға таңертең телефондарын жинап алып, психологиялық қысым арқылы жеке кеңістігіне қол сұғатынын айтты.

Барлығының жұмыс істеу әдісі бірдей: алғашқы курста қатысушылар көпшілік алдында жеке проблемасын ашуға мәжбүрленеді. Кейбіреулері жылайды, кейбіреулері айқайлайды, тіпті кейбір қатысушыларға сорақы әрекеттер жасауға тапсырыс беріледі, — деді Амантай Жарқынбек.

Депутаттың айтуынша, екінші курста қатысушыларға әлеуметтік рөлін өзгерту міндеттеледі, мысалы ер адамға әйел киімін киіп көшеде жүру немесе өзін «бомж» кейпіне салып қоқыс маңында тамақ жеу секілді әрекеттер талап етіледі. Курс соңында қатысушыларға тағы үш адамды тарту міндеті қойылады, ал орындамаса психологиялық қысым күшейеді.

Амантай Жарқынбек мұндай әрекеттерді «диструктивті секта» деп атап, азаматтарды қорғау үшін қатаң шара қолдануды ұсынды. Мәжілісмен үкіметке депутаттық сауал жолдап, азаматтарды қорлау, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және манипуляция бойынша нақты әрекеттерді сұрады.

Exit mobile version