«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райы қолайсыз болғандықтан, республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалыс шектелгенін хабарлап отыр.
2026 жылғы 28 қаңтардағы сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша, жол жағдайы нашарлайтындықтан, кей учаскелерде барлық көлік түрінің қозғалысы тоқтайды.
Қызылорда облысында
«РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1486–1806 шақырым аралығы, яғни Мирас нысандық қызметінен Қызылорда қаласына дейінгі бөлігі жабылды.
Маңғыстау облысында
«Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық автожолының 338–718 шақырым аралығы, Бейнеу мен Жетібай ауылдарының арасындағы учаскеде қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол уақытша жабылды.
«ҚазАвтоЖол» өкілдері жүргізушілерді алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын нақтылап алуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

