Басты бет Жаңалықтар Жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер бар?

Жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер бар?

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов жаңа салық кодексі бұрынғыдан құрылымдық және идеологиялық жағынан ерекшеленіп, жеңілірек болатындығын мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, құжатта көлеңкелі экономика, жүйеленген жеңілдіктер шаралары қарастырылып, жер қойнауын игерушілерге ынталандыру ұсынылады. Сонымен қатар ШОБ пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шарттары жеңілдетіледі.

“Салық кодексін оңтайландырудың жолы дайындалды. Мұндағы идеология бойынша адал кәсіпкерлерді қорғау басшылыққа алынады. Біріншіден, барлық түсініксіз және анық емес жерлер салық төлеушіге түсіндіріледі. Бұл салықтық даулардың алдын алады”, – дейді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, екіншіден, егер салық төлеуші салық органының түсіндіруі бойынша жұмыс істеген болса, пения мен айыппұл салынбау ұсынылған.

Үшіншіден, енді салық органдарының тексерілуі негізді болуы керек.

Төртіншіден, бизнестің жаңа заңды үйренуіне жеткілікті уақыт беріледі. Түзетулер 1 шілдеге дейін қабылдану ұсынылуда.

Бесіншіден, құжатты бір жыл бойы қаптаған түзетулерден босату ұсынылуда. Осылайша, бір заң тұрақты орнауына уақыт берілмек.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version