2025 жылы зейнетақы төлеуге 4,2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.
Оның ішінде базалық зейнетақыға – 1 трлн 368,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 2 трлн 856,6 млрд теңге бөлінген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды. Оның ішінде:
-
ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге,
-
базалық зейнетақы – 47 594 теңге.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ына дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделген.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс минимумының 70%-ына дейін өсіп, 32 360 теңге болды. Ал ең жоғары мөлшері 110%-ға дейін ұлғайып, 50 851 теңге болды.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақылар 10%-ға артады. Нәтижесінде:
-
базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгеге,
-
ең жоғары мөлшері 60 005 теңгеге дейін өседі.

