Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қандай өнімдер бір жылда қатты қымбаттады?

Фото: Ерқанат Аманкел
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бір жылда ең қатты қымбаттаған тауарларды атады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда бағаның өсуіне негізгі қысым жасап отырған фактор — азық-түлік инфляциясы.

2025 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 13,5%-ға дейін жеткен. Бұл көрсеткіш жалпы инфляцияның өсуіне айтарлықтай әсер етіп отыр.

Ең алдымен ет пен ет өнімдері нарығын атап өтуге болады. Бұл сегментте бағаның жылдық өсімі 22,6%-ға жетіп, 2012 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары деңгей тіркелді, – деді ұлттық банк басшысы брифиңде.

Сонымен қатар кейінгі бір жылда қой еті, кондитерлік өнімдер, түсті қырыққабат, алма, балық, жеміс-жидек, өсімдік майлары мен тоңмай бағасы да айтарлықтай өскен. Бұл үрдіс азық-түлік инфляциясының күшеюіне және жалпы баға деңгейінің өсуіне ықпал еткен. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны, керісінше, баяулай бастаған.

Exit mobile version