Басты бет / Жаңалықтар /
медеу, ауа райы, қыз, қар, аяз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Елімізде демалыс күндері 35 градус аяз болады

24-26 қаңтар аралығына Қазақстанның біраз бөлігінде аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райы Атлантика аймақтарынан жылжып келе жатқан циклон мен белсенді атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан, елдің басым бөлігінде оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, боран соғып, жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік өңірлері қатты аяздың ықпалында болады. Солтүстік, солтүстік-батыста түнде 35 градусқа дейін аяз түседі деген болжам бар, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?