Тар аяқ киімді қалай кеңітуге болады?

Байқамай сатып алған болсаңыз немесе өзіңізге қатты ұнаған аяқ киім тар болса, оны кеңітіп көріңіз. Мұндай «тығырықтан» шығудың бірнеше тәсілі бар:

1. Аяқ киімді кеңітуге арналған қажетті көбік бар. Оларды аяқ киім сататын дүкендерден табуға болады. Қолдану тәсілі: аяқ киімнің ішіне сеуіп, кепкенге дейін киіп жүру керек. Бұл тәсілді бірнеше рет қайталаңыз.

2. Аяқ киімді жөндейтін шеберханаға беріңіз. Олардың көпшілігінде аяқ киімді кеңітуге арналған құрылғы бар. Санаулы минуттарда аяқ киім қажетті өлшемге ауысады.

3. Халықтық тәсіл: полиэтилен пакетіне су құйып, аяқ киімнің ішіне салыңыз. Аяқ киімнің сыртын жауып, тоңазытқышқа қойыңыз. 10-12 сағаттан кейін мұзды алып тастаңыз да, жылынғаннан кейін кеңіген аяқ киімді киіп, көңіліңізді көтеріңіз.

4. Халықтық тәсіл: тар аяқ киімнің ішін спиртпен (одеколон, арақ) сүртіп, шұлықпен бірге киіңіз. Бұл тәсіл де бірнеше рет қайталануды қажет етеді.