Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бүгін қаңтардағы ҰБТ басталды

Фото: Тurkystan.kz

Не болды?

Бүгін қаңтар айында өтетін ҰБТ басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлап отыр. 

Мәлімет

Биыл ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық адам өтініш берген. Олардың 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, 189 адам тестілеуден ағылшын тілінде өтуге өтініш білдірген.

Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы «Математика-Физика», оны талапкерлердің 19,2%-ы таңдаған. Ал 16,9%-ы «Биология-Химия», 9,7%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады.

2026 жылы ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Ең жоғары нәтиже 140 балды құрайды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт қосылады.

Exit mobile version