Не болды?
Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы жаңартылған логотипін таныстырды. Бұл туралы клуб баспасөзі хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа нұсқада футбол клубының аты «Тобол» емес, «Тобыл» деп қазақ тілінде жазылды. Ақпаратқа қарағанда, бұл – уақыт талабына сай жасалған жаңарту. Жаңа логотипте жанкүйерлерге бұрыннан таныс негізгі элементтер мен символика сақталған.
Жаңартылған логотип тарих сабақтастығын және алға ұмтылысты бейнелейді. Яғни, өткенге деген құрмет пен болашаққа бағытталған көзқарас. Құрамы өзгерді, бірақ құндылық сақталды, — деп жазды клуб баспасөзі.
