Басты бетЖаңалықтарАстанада пәтер...

Астанада пәтер күрт жалдау қымбаттауы мүмкін

Informburo.kz журналисінің жүргізген мониторингісі бойынша, бір бөлмелі пәтерді тәулікке жалға алу құны дәл қазір 10 мың теңге тұрады. Алайда риэлторлардың басым көпшілігі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтетін уақытта – 10-20 маусым аралығында Астананың Есіл ауданында бір бөлмелі пәтерді тәулікке жалға алу құны қанша болатынын айтудан бас тартқан.

kn.kz порталының аналитика қызметінің болжамынша, көрме кезінде ЭКСПО-2017 кешені маңындағы бір бөлмелі пәтерді жалдау құны тәулігіне 20-25 теңгеге дейін өседі.

«ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы 40 шаршы метрден басталатын пәтерлер тәулігіне 20-25 теңге шамасында болады. Жалға берушілер арасында мұндай бағаны қазірдің өзінде белгілеп қойғандар бар. Оның өзі бір бөлмелі. Көрме әлі басталмағанына қарамастан туристер келе бастады. Арзандау пәтерлерге қатысты айтар болсам… мысалы, тәулігіне 10-15 мың теңгеге баспана табуға болады, бірақ өте қиын», — дейді аналитика қызметінің басшысы Анна Шацкая.

Сарапшылардың ойынша, бағаның өсуі Астанада қонақ үйлердің аздығымен байланысты. Сондай-ақ қаладағы отелдер туристерге тиімді шарттар ұсынбайтын көрінеді.

«Пәтер жалдауға қарағанда қонақ үйлерге сұраныстың төмен екені жасырын емес. Ол түсінікті де. Біріншіден, Астанада отель аз; екіншіден, ондағы сервис пен сапа көңіл көншітпейді; үшіншіден, елордадағы қонақ үйлердің көбісі қымбат. Қарапайым адамдарға арналған қонақ үйлер жоқ десе де болады», — дейді сарапшы.

Айта кетейік, биыл жазда өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне жүзден астам елден бірнеше миллион адам келеді деп жоспарлануда.

ДереккөзBaq.kz