Басты бетЖаңалықтарФранция үкіметі...

Франция үкіметі жаңадан жасақталды

Жаңа құрамға экс-президент Франсуа Олланд командасынан Жан-Ив Ле Дриан енді. Франсуа Олланд тұсында ол Қорғаныс министрлігін басқарған. Енді Сыртқы істер министрі болды.

Ал Францияның қорғаныс саласын соңғы он жылда алғаш рет нәзік жанды Сильви Гуларға сеніп тапсырды.

Жаңа үкіметте елдің экономикалық ахуалымен «Республикалық» партия өкілі Брюно Ле Мэр айналысады. Бұған дейін ол Ауыл шаруашылығы саласын басқарған.

Лион қаласының мэрі болып келген Жерар Коллон мемлекеттің Ішкі істер министрлігін басқарады.

Айта кетейік, маусым айында бесінші республикада парламент сайлауы өтеді. Оның нәтижесі бойынша министрлер кабинетінің құрамы тағы да өзгеруі мүмкін.

Дереккөз24.kz