Алматы облысында жер сілкінді

2026 жылғы 5 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10:15-те Алматы облысына қарасты Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде жер сілкінді.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлап отыр.

Мәлімет бойынша, жер асты дүмпуінің эпицентрі:

  • солтүстік ендік – 43,76°

  • шығыс бойлық – 75,15°

Жер сілкінісінің магнитудасы mpv = 3,7, ал энергетикалық класы K = 8,8 болды. Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Уәкілетті қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да