Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

Фото: OCA-Sport
Қазақстан парламенті мәжілісі Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы жер учаскелерін жалға алу туралы келісімді ратификациялады.

Келісім 2009 жылғы 1 желтоқсанда Астанада қол қойылған. Құжат бойынша, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысы аумағындағы бірқатар жер учаскелерін 49 жыл мерзімге уақытша пайдалануға алған.

Аталған жерлерде Қазақ КСР кезеңінде салынған төрт нысан орналасқан. Олар – шипажай, екі демалыс үйі және спорт-сауықтыру базасы.

Сонымен қатар келісімде 2006 жылғы 4 шілдеде Астанада қол қойылған Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы курорттық-рекреациялық шаруашылық объектілеріне Қазақстан Республикасының меншік құқықтарын реттеу туралы келісімде көзделген міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мәселелері де қамтылған.

Құжат Қазақстанға тиесілі демалыс және сауықтыру нысандарының құқықтық мәртебесін нақтылауға, сонымен бірге екі ел арасындағы мүліктік қатынастарды реттеуге бағытталған.

Exit mobile version