Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің жаңа тәсілі іске қосылды. Енді жолаушылар Kaspi мобайл қолданбасы арқылы автобустағы ONAY QR кодын сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы жолақысын төлей алады.
Алматының көлік холдингінің мәліметінше, бұл жаңашылдық ONAY! жолақы төлеу жүйесінің қолданыстағы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Жолаушылар бұрынғыдай ONAY! көлік картасын, ONAY! мобайл қолданбасын және өзге де төлем әдістерін пайдалана алады, — делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар алдағы уақытта жолақыны басқа банктердің мобайл қолданбалары арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қазір бұл бағытта көлік холдингі банктермен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жаңа төлем тәсілі жолаушыларға ыңғайлы әрі жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

