Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылдан бастап зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың қалай өзгеретінін есептеп көрсетті.
«2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі, сонымен қатар базалық және ынтымақты зейнетақылар Қазақстан ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сай 10%-ға индекстеледі.
Осыған байланысты төлемдер төмендегідей өседі:
-
2025 жылы 171 588 теңге зейнетақы алған азаматтар
2026 жылдан бастап 192 816 теңге алады; -
2025 жылы 63 030 теңге жәрдемақы алған төрт баласы бар отбасылар
2026 жылдан бастап 69 330 теңге алады; -
2025 жылы 157 280 теңге жәрдемақы алған 10 баласы бар отбасылар
2026 жылдан бастап 173 000 теңге алады; -
I топтағы мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы
101 702 теңгеден 111 872 теңгеге өседі; -
II топтағы мүгедектігі бар азаматтар
81 362 теңгенің орнына 89 498 теңге алады; -
III топтағы мүгедектігі бар азаматтардың жәрдемақысы да 10%-ға ұлғаяды.

