Жоба құны 602,7 млн. теңге болатын кәсіпорын жылына 1500 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт пен 500 тонна сары май шығаратын болады.
«Асыл Бастау КZ» ЖШС-гі шикізатты аудандағы жанұялық сүт фермаларынан алуды жоспарласа, алдағы уақытта серіктестік өз тауарлы сүт фермасын ашуды көздеп отыр.
Қазығұрт ауданында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында жалпы 2,8 млрд. теңге болатын 8 жоба енгізілген. Бүгінде бұлардың ішінде индустриалды аймақта 5 жоба іске қосылса, қалған 3 жоба 2017-2018 жылдары іске асырылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, облыстың аудан, қалаларында құрылған индустриалды аймақтарда 37 млрд. теңге болатын 66 жоба іске асырылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.