Басты бет Басты Доллар жаңа рекорд орнатып, 390 теңгеге жетті

Доллар жаңа рекорд орнатып, 390 теңгеге жетті

Астананың айырбас нүктелерінде түскі саудада доллар жаңа рекорд орнатып, 390 теңгеге жетті. $1 долллар үшін сатып алу құны 388 теңге. Ал Алматыда сәйкесінше, 389 және 387 теңгеден сатылуда.

Бұны kurs.kz және valuta.kz сайттарындағы мәліметтер растап отыр.

Сол арада «Қазкоммерцбанк» долларды 388,5 теңгеден сатып, 386,5 теңгеден сатып алуда. Ал «Халық банкінде» сәйкесінше, 388,97 және 386,99 теңге аралығында.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік  саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 383,23 теңге  болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 11,2-ге өскен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version