«Бiрiншiден, бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы мөлшерiн 20 пайызға арттыру көзделiп отыр. Жәрдемақының мөлшерi бiрiншi, екiншi, үшiншi балаға 31,41 айлық есептiк көрсеткiштен (АЕК) 38 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн, ал төртiншi және одан көп балаға 52,35 АЕК-тен 63 АЕК-ке дейiн артатын болады. Елiмiзде жылына 400 мыңдай бала туатынын ескерсек, шамамен 300 мыңнан астам отбасы арттырылған мөлшерде жәрдемақы алады. Нәтижесiнде 2017 жылы жәрдемақының мөлшерi өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға артқалы отыр», — дедi министр Тамара Дүйсенова.
Айта кетейік, бұған дейiн БАҚ-та 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап балаларға төленетiн жәрдемақы көлемi артатыны туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта 1, 2, 3-шi балаларға 66 мың 621 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап бұл сома 86 мың теңгеге жетеді. Ал 4-шi және одан көп балаға 111 мың 135 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап 142 мың теңгеден артық төленедi.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, заң жобасын iске асыру үшiн республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде 2017 жылы қосымша 81,6 млрд теңге қарастырылды. Жобаны жүзеге асыру үшiн 11 заңға, оның iшiнде Зейнетақы туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделген.
Осы мәселені қолға алатын адам болса ғой,шіркін!Өзім көп балалы ана емеспін,бірақ солардың алатын жәрдемақысы туралы ойға қалғаным бар.Әр отбасы мемлекетке алақанын жаймай -ақ,өзі күнелте алады.Солай болуы да тиіс сияқты. Алайда біздің қоғамда көп бала туғандарға «алара»қарап,таршылық көрсе,кінә тағатындар көбірек…(жетпесе,жеткізе алмаса,неге дүниеге әкеледі,ойланбай ма?..т.б )Мемлекет тарапынан көп балалы отбасына берілетін бір айлық жәрдемақы көлемі ~9000 теңге!!!Бұл төрт балаға есептелген жәрдемақы көрсеткіші!Қазақ санының көбейуіне үлес қосып отырған асыл аналарымыздың ай сайынғы алатын жәрдемақысы!Иә,аянышты-ақ!Есесіне, «ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ» ай сайын ( 300 бетті оқығандары үшін) 1000000 теңге алады. Қалған жеңілдіктерін айтпай-ақ қойсақ та болады. Айналып келіп «қалтасы қомпайғандардың қарнын тойдыра бергенше,қарапайым халықтың қамын ойласа игі еді «…
Болмайтын ақша қосып. Қайта-қайта айта береді. Ол берген ақшасы дымға да жетпейді. Алтын беретіндей жар сала бергені несі.
Масқара пазор соны жазуға да ұялмайма 142 000 деп. 25 жылда қазақтың саны 1 млнға да кобеймеген. Менімше қазақстанда 1 балаға 1000000. 2 балаға 2000000 арықарай осылай қосыла беру керек. Сол кезде бойдақтардын саны азаяды ажырасу деген азаяды халықтың саны көбейеді. Бірақ біздің өкімет оған ақша қимайды
Енди осы .4 баланын акшасынада кол салмақшы.келеси жылдан бастап
Соны аитсаныздаршы береген туккеде жетпеиди мугедек терге толенетин жардем акы оз кара бастарына на жетпиди не маскара баска балаларга жардем акы туралаиын десен мугедектерге толенетин пенсианы дахотка Киргизип коиады мугедек баламыздын акшасын тамак кыласын ба озин емдетесинбе маскара гои ол мугедектердин акшасын еш дахотка есептеген дуры семечком.