Шарипова өзінің келесі кездесуін ресейлік Ольга Забавинаға қарсы өткізеді. Ресейлік боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында алты кездесу өткізген. Бұл кездесу отандасымыз үшін де алтыншы кездесуі болмақ.
Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақ, яғни 89 келіде (130 фунт) он раундтық жүйе бойынша өтеді.
Айта кетейік, 27 мамар күні Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Максим Власов пен танзаниялық Бэнк Мвакалебэл арасындағы жекпе-жек болмақ.