Қазгидромет 11-13 желтоқсан арасында күн райы қандай болатынын болжады. Болжам бойынша, алдағы күндері күн райы өзгеріп отырады.
Алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсіреп, республика аумағына атлантикалық циклон жылжи бастайды.
Бұл тұрақсыз ауа райын әкеледі: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарлы боран мен қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр, түнде және таңға жуық тұман түседі, — делінген хабарламада.
Температуралық фон да өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5–15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0–5 градус шамасында аяз болады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы болады деп болжанып отыр.
Естеріңізге салайық, Алматыда түнімен қар жауып, 58 жол-көлік оқиғасы тіркелген еді.
