Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайберген Париждегі қайырымдылық кешіне қатысты

Димаш Құдайберген Париждегі қайырымдылық кешіне қатысты

Танымал жас әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты.

Димаш Құдайберген. Фото: Pinterest.fr

Париждегі өтетін шараға Димашты америкалық актриса Ева Лонгория шақырған болатын.

16 мамырда Франция астанасында болған Гала-кешті ЮНИСЕФ қолдауымен танымал актриса, продюсер және режиссер Ева Лонгория ұйымдастырды.

«Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой», — деп жазды әнші желіде.

Айта кетейік, Global Gift коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсаты — көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету.

Ева Лонгория мен ол негізін қалаған Eva Longoria Foundation және Global Gift Foundation қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері бірлесіп қызмет етуде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version