Не болды?
Орта салмақтағы әлем чемпион, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 6 желтоқсан күні АҚШ-та өткізеді. Бұл туралы Qazsport хабарлап отыр.
Мәлімет
Көптен күткен жекпе-жек! Орта салмақта дауыл! Бұл — қазақ стилі мен куба стилінің айқасы! Чемпиондардың шайқасы, үш титул! Құдай қаласа, 6 желтоқсанда өзімнің үшінші чемпиондық белбеуімді иеленемін! Qazaq Style-ды тарихта қалдырамыз! — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өз Instagram парақшасына.
Спортшы жеңіске жетсе, ол үш чемпиондық белбеуі бар тұңғыш қазақ боксшы болады. Қазір WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.
Естеріңізге салайық, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алғаш рет «Қазіргі заманғы боксшылар» санатының номинанты болған еді.

